- Барлық ақпарат
Биыл Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда айналымы 21,8 млрд долларға жеткен
Бейжіңде Қытай Халық Республикасының Сауда министрі Ван Вэнтао мен ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Екі ел Сауда және интеграция министрлігі Министрлері мемлекет басшылары арасындағы ерекше сенім мен достыққа негізделген жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін растады.
Ван Вэнтао екіжақты сауда айналымының оң қарқынмен өсіп келе жатқанын атап өтті. 2024 жылы тауар айналымы 43,8 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9,2%-ға артқан. Ал 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 21,8 млрд долларды құрады. Бұл мәліметтер 2030 жылға қарай өзара сауда көлемін екі есе арттыру жөніндегі міндеттің нақты әрі қолжетімді екенін көрсетеді, -делінген хабарламада.
Арман Шаққалиев аталған мақсатқа қол жеткізу үшін «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында шекара маңы саудасын дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары мен жол картасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттырып, екі ел экономикасының өзара байланысын күшейтуге жол ашады.
people.cn © People's Daily Online